№81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ МКҚК

Бракераждық комиссияның кезекті тексерісі

Бүгін біздің балабақшада бракераждық комиссияның жоспарлы тексеруі өтті. Комиссия мүшелері тағамның сапасын, дайындалу технологиясын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын мұқият қарады.

Асхана қызметкерлерінің жұмыс тәртібі, азық-түлік сақтау жағдайы және дайын тағамдардың дәмі мен сапасы тексерілді. Барлық көрсеткіштер нормаларға сай деп танылып, ас мәзірі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес екені атап өтілді.

Осындай жүйелі тексерулер балабақшадағы балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Әсемгүл балабақшасы

Әдетте бір күн ішінде жауап береді

Прокрутить вверх