№81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ МКҚК

Құрметті ата-аналар! Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен балабақшада басқа балалармен қаласың, бірақ, мен сені тастамаймын, қайтадан оралып әкетемін»
Осы кепілдемелер арнайы сіздерге:
• Балабақшаға тек қана дені сау баланы әкеліңіз;
• Алдын-ала топтың күн тәртібімен танысып, балаңызға айтыңыз;
• Баланы топтың тәрбиешілерімен алдын-ала таныстырыңыз;
• Алғашқы күндері баланы балабақшада толық күнге қалтырмаңыз;
• Баланың көзінше балабақша мәселерін әңгімелемеңіз; 
• Үйде баланы өзін-өзі күту әдеттеріне тәрбиелеңіз;
• Балаңызға ескертуге ұмытпаңыз: «Сен маған бұрынғыдай қымбаттысың, сүйкімдісің!»

Бейімделу деген не? Бейімделу қалай өтеді? Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға,әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарымқатынас. 2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарымқатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуіне әсер ететін себептер бар. Осы себептер баланы жылауық, арланғыш, жарақатты болуы, бала жиі сырқаттануы, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналап күштерін әлсіретеді. Уақыт өте барлығы қалыпқа келеді.

Балабақшаға баратын бала не білу керек? Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі.
Баланы киінуге қалай үйрету керек?
Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
– Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» — деп, ұсыныс беріңіз.
– Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киінушешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді.

Бала неге жылайды?
Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз. Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа барамын») Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуі де мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», — деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады. Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші апаймен және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!», «Сыйлық әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз. Күннен күнге қайталанатын баланы ересектерге сену сезіміне тәрбиелейді.

Балабақшаға қатысу және тәртібі Балаңызды күнделікті күн тәртібіне үйретіңіз!
Балаңызға кешкісін ерте ұйықтатып ,ерте ояну керек екенін айтып өтіңіз. Балаңызға телефон ойнатып не болмаса жолда жүріп, болмаса қонақта болдық деп ұйқысын қандырмай бақшаға әкелуде, баланың денсаулығына кері әсер береді. Балаңыздың ұйқысы дұрыс болмағанан балаңыз бақшаға жылап қалады, денсаулығына әсер етеді, достарымен ойнағысы келмейді, іс-әрекетке ынтасы болмайды,күні бойы шаршап мазасызданады.
Балаңыздың алдында тәрбиешіге дауыс көтеріп немесе дөрекі сөз айтудан сақ болыңыз! Мұндай жағдяттар балаға да,тәрбиешіге де кері әсер береді. Тәрбиешіден балаңыз жайында сұрағыңыз келсе жекелей сұрауға тырысыңыз.

Құрметті ата-аналар! Барлығы болашақ балалар үшін! Бұл тәрбиеші міндеті ғана емес…
Балабақшамен ата-аналардың бірлескен жұмысы! Назарларыңызға рақмет!

Бала жағымсыз әрекетті қайдан үйренеді. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді Кеңес :«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.

Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осылай баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

Баланың танымдық үдерістерінің дамыуын зерттеу барысында байқалған жағдайлар (диагностика):

ØБаланың ұсақ қол маторикасының толық дамымауы; (ұялы смартфондар, планшет, ноутбук т.б.) техникаларда бала ұзақ уақыт бойы пайдалану.

ØОтбасында балаға педагогикалық көңіл бөлінбеуі   (ата-ана жұмыс басты) күніне 30 мин.;

ØТілдік құрылым дыбыстық артикулдар толық естілмейді ата-ананың көңіл бөлмеуі (логопед, дефектолог мамандарынан кеңестер әрі қарай жұмыс);

Ø Баламен мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау; (мадт. “Баланы қай тілді мектепке берген дұрыс?”)

 

Жазуға кірісерде алғашқы  күннен  бастап

орындалуға тиісті гигиеналық талаптар мыналар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып көлбетіле (оңға 65 º ) қойылады;

әбала басын оңға не солға, иықтарын кеудесін алға немесе артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б) балалар табандарын еденге еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты  екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын  алға,  артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл жағдайда тыныс тарылады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см-дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ  ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.

       Бейімделу – бұл организмнің жаңа жағдайда қалыптасуы, ал бала үшін балабақшаға жаңа, әлі белгісіз кеністік, айналасы да, қарым-қатынас та жаңаша

  Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

–        Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

–        Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

–        Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

–        Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

–        Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретіңіз туралы айттыңыз ба?

Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

–          жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

         – орташа ауырлық бейімделу– 1 айдың ішінде;

–          ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

       Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.  Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.

       Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз.

Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

-Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай бала көндіру өте қиынға түседі.

                                              

 

      Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

 

  • Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен;
  • Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен;
  • Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

 

Ата-аналар әрекеті

  • Балабақшаға режіміне барынша жақындатылған күн режімі.
  • Балабақшадан кейін баламен серуендеу.
  • Үйде су құйыну рәсімін жасауға болады; бұл баланы балабақша жүктемесіне тиімді бейімдейді, шырыш қабатынан патогендік флорасын жуып тастап, күнді «ваннаға дейін және кейін» деп бөлуге мүмкіндік береді.
  • Баламен балабақшада болған жақсы жайларды еске алу: қарапайым ғана «Не жедің?», «Қандай ойын ойнадыңдар?» деген сұрақтарды қойып, жақсы жағына баса көңіл бөлген дұрыс.
  • Сабырлылық пен төзімділік таныту, қатты жазалаудан сақ болу.
  • Тәрбиешілердің және психологтың кеңесі мен ұсыныстарына құлақ қою.

 

Ата-аналарға арналған кеңестер

  1. Баланы басқа балалармен бірлесіп ойнауға үйрету үшін аулада немесе балабақша маңында серуендеу ;
  2. Балабақшаға режіміне барынша жақындатылған күн режімі;
  3. Баланың балабақшамен қоштасу дәстүрін қалыптастыру;
  4. Баламен балабақшада болған жақсы жайларды еске алу: қарапайым ғана “Не жедің?”, “Қандай ойын ойнадыңдар?”;
  5. Балабақшадан кейін баламен серуендеу, теледидар бағдарламаларын қарауды шектеу;
  6. Сабырлылық пен төзімділік таныту, қатты жазалаудан сақ болу;
  7. Денсаулық жағдайын бақылау;
  8. Үйде су құйыну рәсімін жасауға болады; бұл баланы балабақша жүктемесіне тиімді бейімдейді, шырыш қабатынан патогендік флорасын жуып тастап, күнді «ваннаға дейін және кейін» деп бөлуге мүмкіндік береді;
  9. Тәрбиешілердің және психологтың кеңесі мен ұсыныстарына құлақ қою.

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Сондықтан кеңес береміз:
–    Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
–    Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
–    Үйдегі жағдайда баланың өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
–    Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
–    Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне  керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз  мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
–    Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ  балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
–    Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
–    Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.
–    Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
–    Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.
      Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.


Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

Жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктеріне қарай балалар әртүрлі болады. Олардың мінез-құлқы да соған байланысты. Кейбір балалар жаттығуға немесе ойынға бірден ден қойып, ешнәрсеге алаңдамай кірісіп кетеді. Мұндай балаларды әдетте күн тәртібіне үйрету қиындық келтірмейді. Ал екінші бір балаларда қозу процесі басым болады. Мұндай балалар қажетті нәрсеге бірден ден қойып, көңіл аудара алмайды, үнемі алаңдай береді, тамақты нашар ішеді, оларды ұйықтату да қиын. Бұл сәбилердің ойыны, әсіресе, тамақ ішер алдында, ұйықтар алдында неғұрлым алаңсыз болғаны жөн. Сондықтан баланы шыдамдылыққа, бір нәрсеге зейін қоя білуге тәрбиелеген жөн. Өйтпеген күнде мектепте оқуы қиынға соғады.

       Кейбір балаларда тежелу процесі басым болады. Әдетте олар сылбыр, енжар келеді. Мұндай сәбилер көбірек ұйықтағанды немесе төсекте бос жатқанды жақсы көреді, олар қандай іске болса да бірден кірісіп кете алмайды.

       Күн тәртібін жасағанда баланың жеке өзіне ғана тән осы ерекшелігін ескерген жөн.
Бала ұйқыдан оянысымен төсектен бірден тұруы, дәретханаға барып келген соң таңертеңгі жаттығу жасауы керек. Бұл көңіл күйін сергітеді, дем алысын, қан айналымын жақсартады әрі тәбетін ашады.

        Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған таңертеңгі жаттығулар жиынтығына жүру, тыныс алуды, дене сымбатын түзейтін (бұрылу, еңкею, шалқаю, отыру), аз ғана секіру немесе жүгіру және қайтадан жай жүру сияқты қимылдар кіреді. Жаттығуларды ойын түрінде өткізсе және өзімен бірге жасаса, бала оны ықыласпен орындайды.

        4 жастағы бала бетін, құлағын, кеудесін және қолдарын шынтағына дейін өз күшімен жуады, ал 5-7 жастағы бала бұларға қоса, беліне дейін жуынып, сүртінуді үйренуі керек. Ауыз бен тамағын бөлме температурасындағы қайнаған сумен шайған жөн. Бала жуынып болған соң үстін сүлгімен денесі жылығанша жақсылап ысқылап сүртуге көмектескен дұрыс. Бала киінгенде, төсегін жинаған кезде ересек адамдар онша көп көмектеспегендері абзал.

Баланың дастарқан басында тамақты көп күтпегені өте маңызды. Әйтпесе тез шаршайды да, тәбеті нашарлайды.
        Тамақ ішіп отырған кезде бала ешнәрсеге алаңдамағаны жөн. Тамақ дәмінің, температурасының, сондай-ақ, алдына қалай қойылуының – осының бәрінің астың дұрыс қорытылуында маңызы зор. Көптеген аналардың баласын жақсы тамақтандыру мақсатымен оған ертегі айтып алдандыратыны бар. Мұндай әдет зиянды, өйткені ас ішкен кезде баланың көңілі басқа нәрсеге ауады да, асқазан сөлінің бөлініп шығуын тежейді.
        Тамақ ішіп болғаннан кейін бала міндетті түрде аузын қайнаған сумен шаюы керек.

6-7 жастағы балалардың сабақтары арасына үзіліс жасай отырып, жарты сағаттан өткізуге болады.
Баланы жалықтырып алмас үшін және қызықтыру мақсатымен жаттығу сабақтарының мазмұнын күнара өзгертіп отырған жөн. Баланың бір «сабақтан» жалыққанын байқасаңыз, оны тоқтатып, сәбиді жүгіретін, қозғалатын ойынмен алдандырыңыз. Жылы күндері барлық ойындар мен сабақтарды таза ауада өткізген жөн.
        Балалар өздерінің ойындарында пайдалы еңбектің сипаты болғанын ұнатады. Олар зор ықыласпен қар күрейді, жапырақтарды жинайды, гүлге су құяды, жол сыпырғанды жақсы көреді. Оларға мұндай мүмкіндіктерді жиі берген дұрыс. Сергек серуеннен кейін баланың тәбеті ашылады. Бала серуендегенде аз қозғалса, ойынға қызықпаса немесе керісінше, тым қатты шалдығып шаршаса, тамақты ықылассыз ішеді, өз сыбағасын тауыспайды.

          Кешкі серуеннен кейін бала беті-қолын жуады. 10-15 минут дем алып, содан кейін ғана тамақтанады. Түнде ұйықтар алдында баланы тыныш әрі әсер алмайтындай ойындармен алдандыру керек. Бұл мақсатқа шаршылар, мозайкалар, жапсырып мүсін жасау сияқты ойындар сәйкес келеді.

         Түнде ұйықтар алдында бала міндетті түрде тісін тазалауы, беті-қолын, аяқтарын жууы, төсегін өзі салуы, киімдерін жинап қоюы керек.

            Психолог:                  Кенжаева   Ұ .Т.

жаттығуға немесе ойынға бірден ден қойып, ешнәрсеге алаңдамай кірісіп кетеді. Мұндай балаларды әдетте күн тәртібіне үйрету қиындық келтірмейді. Ал екінші бір балаларда қозу процесі басым болады. Мұндай балалар қажетті нәрсеге бірден ден қойып, көңіл аудара алмайды, үнемі алаңдай береді, тамақты нашар ішеді, оларды ұйықтату да қиын. Бұл сәбилердің ойыны, әсіресе, тамақ ішер алдында, ұйықтар алдында неғұрлым алаңсыз болғаны жөн. Сондықтан баланы шыдамдылыққа, бір нәрсеге зейін қоя білуге тәрбиелеген жөн. Өйтпеген күнде мектепте оқуы қиынға соғады.

       Кейбір балаларда тежелу процесі басым болады. Әдетте олар сылбыр, енжар келеді. Мұндай сәбилер көбірек ұйықтағанды немесе төсекте бос жатқанды жақсы көреді, олар қандай іске болса да бірден кірісіп кете алмайды.

       Күн тәртібін жасағанда баланың жеке өзіне ғана тән осы ерекшелігін ескерген жөн.
Бала ұйқыдан оянысымен төсектен бірден тұруы, дәретханаға барып келген соң таңертеңгі жаттығу жасауы керек. Бұл көңіл күйін сергітеді, дем алысын, қан айналымын жақсартады әрі тәбетін ашады.

        Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған таңертеңгі жаттығулар жиынтығына жүру, тыныс алуды, дене сымбатын түзейтін (бұрылу, еңкею, шалқаю, отыру), аз ғана секіру немесе жүгіру және қайтадан жай жүру сияқты қимылдар кіреді. Жаттығуларды ойын түрінде өткізсе және өзімен бірге жасаса, бала оны ықыласпен орындайды.

        4 жастағы бала бетін, құлағын, кеудесін және қолдарын шынтағына дейін өз күшімен жуады, ал 5-7 жастағы бала бұларға қоса, беліне дейін жуынып, сүртінуді үйренуі керек. Ауыз бен тамағын бөлме температурасындағы қайнаған сумен шайған жөн. Бала жуынып болған соң үстін сүлгімен денесі жылығанша жақсылап ысқылап сүртуге көмектескен дұрыс. Бала киінгенде, төсегін жинаған кезде ересек адамдар онша көп көмектеспегендері абзал.

Баланың дастарқан басында тамақты көп күтпегені өте маңызды. Әйтпесе тез шаршайды да, тәбеті нашарлайды.
        Тамақ ішіп отырған кезде бала ешнәрсеге алаңдамағаны жөн. Тамақ дәмінің, температурасының, сондай-ақ, алдына қалай қойылуының – осының бәрінің астың дұрыс қорытылуында маңызы зор. Көптеген аналардың баласын жақсы тамақтандыру мақсатымен оған ертегі айтып алдандыратыны бар. Мұндай әдет зиянды, өйткені ас ішкен кезде баланың көңілі басқа нәрсеге ауады да, асқазан сөлінің бөлініп шығуын тежейді.
        Тамақ ішіп болғаннан кейін бала міндетті түрде аузын қайнаған сумен шаюы керек.

6-7 жастағы балалардың сабақтары арасына үзіліс жасай отырып, жарты сағаттан өткізуге болады.
Баланы жалықтырып алмас үшін және қызықтыру мақсатымен жаттығу сабақтарының мазмұнын күнара өзгертіп отырған жөн. Баланың бір «сабақтан» жалыққанын байқасаңыз, оны тоқтатып, сәбиді жүгіретін, қозғалатын ойынмен алдандырыңыз. Жылы күндері барлық ойындар мен сабақтарды таза ауада өткізген жөн.
        Балалар өздерінің ойындарында пайдалы еңбектің сипаты болғанын ұнатады. Олар зор ықыласпен қар күрейді, жапырақтарды жинайды, гүлге су құяды, жол сыпырғанды жақсы көреді. Оларға мұндай мүмкіндіктерді жиі берген дұрыс. Сергек серуеннен кейін баланың тәбеті ашылады. Бала серуендегенде аз қозғалса, ойынға қызықпаса немесе керісінше, тым қатты шалдығып шаршаса, тамақты ықылассыз ішеді, өз сыбағасын тауыспайды.

          Кешкі серуеннен кейін бала беті-қолын жуады. 10-15 минут дем алып, содан кейін ғана тамақтанады. Түнде ұйықтар алдында баланы тыныш әрі әсер алмайтындай ойындармен алдандыру керек. Бұл мақсатқа шаршылар, мозайкалар, жапсырып мүсін жасау сияқты ойындар сәйкес келеді.

         Түнде ұйықтар алдында бала міндетті түрде тісін тазалауы, беті-қолын, аяқтарын жууы, төсегін өзі салуы, киімдерін жинап қоюы керек.

            Психолог:                  Кенжаева   Ұ .Т.

           Сіз жаңа тұрып жатсыз, ал балаңыз балабақшаға бармаймын деп бастайды. Сіз үйден шығуға дайынсыз, ал балаңыз жерде домалап, шыңғырып жылап жатыр. Не істеулеріңізді білмейсіз, шыдамыңыз таусылды. Жылап жатқан баланы көтеріп алып, балабақшаға жүгіріп келесіз. Баланы әрен шешіндіресіз бала әлі де жылап, сізден айырылмайды. Тәрбиеші әрен дегенде баланы сізден айырып алып топқа кіргізеді. Сіз балабақшаның есігін жауып, өтіп жатып, балам әлі де жылап жатқан шығар деп, терезеге қарайсыз. Не көресіз? Балаңыз жастарын сүртіп түк болмаған сияқты басқа балалармен ойнап кетті.

Проблеманың мәні.

    Осындай баланың  балабақшаға бейімделу сценариі жиі кездеседі. Кейбір балаларға білмейтін жерге келіп қоштасуы өте ауыр болады. Оған сіздің көмегіңіз өте қажет!

Шешу жолдары.

     Осындай баланы анасы емес әкесі, не басқа жақын адам әкелуі дұрыс. Мүмкін сонда қоштасу балаға ауыр тимейді. Әкесінің айтқанын бала басқаша қабылдайды.

Егерде сізден басқа баланы балабақшаға апаратын ешкім болмаса, онда балабақшаға дейін жолды қызықты қылу керек, міндетті түрде үйге келгенде балаңызды мадақтаңыз. Күні қалай өткенін асықпай сұрастырып әңгімелесіңіз, қалай сағынғаныңызды айтыңыз, балабақшадағы тәртібі үшін мақтаңыз.

Тағы бір кеңес.

        Балабақшаға баратын жолмен демалыс күндерінде де қыдырып жүру қажет. Бірақта жүргенде тек қана жақсы көңілді эмоцияңызды көрсетіңіз. Өз өзіңізге сенімді болыңыз. Егер де, балабақшаға жақындаған сайын баланың жылағанынан қорықсаңыз, сіздің қорыққаныңыз балаға да беріледі. Өзіңіз үшін нақты шешіп алуыңыз керек: балабақша сіздерге керек пе? Егерде керек деп шешесеңіз, онда өз өзіңізге сенімді болып, шешіміңіздің дұрыстығында еш күмәніңіз болмасын.

                

                                                              Б\б педагог-психологы     Кенжаева Ұ.Т.

Әсемгүл балабақшасы

Әдетте бір күн ішінде жауап береді

Прокрутить вверх