№81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ МКҚК

Кезекке тұру

Құрметті ата-аналар!

Біздің мектепке дейінгі ұйымымызға қош келдіңіздер!
Балабақша – баланың тәрбие мен  деген алғашқы қадамы.
Балабақшаның педагогикалық  ұжымы 2 жастан бастап мектепке барғанға дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне кәсіби тұрғыдан жауапкершілікпен қарайды. Балабақша ұжымы балабақшадағы бүлдіршіндердің жайлылығы үшін барлық білімі мен тәжірибесін қолданады.  Балабақша – баланың тәрбие мен оқытудың алғашқы қадамы.
Балабақша  ұжымы балабақшадағы бүлдіршіндердің жайлылығы үшін барлық білімі мен тәжірибесін қолданады.
Әр баланың  жан-жақты дамуымен әлеуметін ашуға қолайлы жағдайлар жасау;
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін әлекметтік-психологиялық жағдайлар жасау,оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдайлар жасау;
Өз ұлтымыздың мәдени-құндылықтарымызды сақтай отырып болашақта қабілетті жауапты,шығармашылық тұлғаны қалыптастыру  үшін сіздермен  тығыз жұмыс істеуге дайынбыз!

 

Қазіргі таңда үздіксіз тәлім тәрбие  беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімі тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Балабақша – барлық тәрбие мен оқытудың ең алғашқы баспалдағы. 
Балабақша ұжымында  —  өз ісінің білікті де, білімді, мейірімді талантты кәсіби шығармашыл , сондай-ақ мектеп  жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің барлық  қыр-сырын ұғынуға тырысатын жас және болашағы зор педагогтар жұмыс істейді.

 

Жұмыс уақыты:

07:30 - 18:00

Жұмыс күндері:

ДС-ЖМ (5 күн)

Балаларды қабылдау уақыты:

07.30-дан 8.20-ға дейін

Кезекші топтар:

19.00-ге дейін

Құрылған жылы
0
Жалпы ауданы
0
Жобалық сыйымдылығы
0
Топтар саны
0

Бестемше

№81 “Әсемгүл” балабақшасының педагогтары білім беру саласындағы біліктіліктерін арттыру мақсатында «Бестемше» танымдық ойын курсын сәтті аяқтады. Бұл курс педагогтарға балалардың ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін дамытуға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік берді.

«Бестемше» курсы балабақша жасындағы балалардың ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған тиімді әдістемелерді қамтиды. Курста педагогтар балалармен қарым-қатынас жасаудың инновациялық тәсілдерін, қызықты және дамытушы ойын түрлерін ұйымдастырудың қыр-сырын үйренді.

Курс барысында педагогтар өзара тәжірибе алмасып, ойын технологияларын сабақ барысында тиімді қолданудың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға арналған әдістемелік құралдармен жұмыс істеді.

Курсты сәтті аяқтаған педагогтар арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл құжат олардың кәсіби біліктілігін растап қана қоймай, алдағы уақытта балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту жолында қолданатын жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге ықпал етпек.

№81 “Әсемгүл” балабақшасының басшылығы педагогтардың үздіксіз білімін жетілдіруге бағытталған осындай курстардың маңыздылығын атап өтті. Мұндай шаралар ұжымның кәсіби деңгейін арттыруға, ал балалардың жан-жақты дамуына зор ықпалын тигізеді.

Балабақша педагогтарының осы жетістігі ұжымның ұйымшылдығын, жаңашылдыққа деген талпынысын және балалардың болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Алдағы уақытта бұл тәжірибе білім беру саласында өз нәтижесін беріп, балалардың дамуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Әсемгүл балабақшасы

Әдетте бір күн ішінде жауап береді

Прокрутить вверх