Бүгін балабақшамызда өткен «Күзгі асар» жәрмеңкесі жылы атмосферада, достық пен қолдауға толы көңіл-күйде өтті. Ата-аналар қауымдастығы мен ұжымның ұйымшылдығы көрініп, әр үстелде үй тағамдары, қолөнер бұйымдары мен күздің молшылығын айшықтайтын көрмелер ұсынылды. Шараның басты мәні — балалардың игілігіне бағытталған қайырымдылық пен қауымдастықты жақындастыру болды. Жәрмеңке барысында қонақтар бір-бірімен тілдесіп, тәжірибе алмасып, кішкентайлардың қуанышын бөлісті. Ұйымдастыру ісіне үлес қосқан әр жанға алғыс айтамыз!
Топтар бойынша қысқаша есеп
Жауқазын – Ізгі іске ұйыстырған белсенді топ, қаражаты Балалар үйіне бағытталады. Сомасы: 51 300 тг
Бәйшешек – Ұйымшылдық пен жылы лебіз. Сомасы: 34 000 тг ·
Раушангүл – Көңілді сауда, мейірім жәрмеңкесі. Сомасы: 27 000 т
Райхангүл – Жәрмеңке жоғары деңгейде өтті, таныстық нығайды. Сомасы: 40 500 тг
Лалагүл – Дәм мен дәстүр үндестігі. Сомасы: 37 850 тг