⚜️Астана қаласының №81 «Әсемгүл» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету
🔷2025 жылдың 12 қарашасы күні Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің «Тәрбие жұмысы бойынша координация және ұйымдастыру» бөлімінің әдіскері Исабекова Айжамал Керімбекқызы №81 «Әсемгүл» балабақшасының педагогикалық ұжымына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жайлы түсіндіру жүргізді. Топ тәрбиешілерінің ұйымдастырған іс-әрекеттер мазмұнының құндылықтарға негізделуіне, тәрбиелік іс-шаралар мен ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар бойынша әдістемелік бағыт-бағдар мен кеңес берілді. Бағдарламаны қолдану бойынша педагогтер сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Қатысқан педагогтер саны – 25