81 «Әсемгүл» балабақшасында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға тек мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері қатысып, аумақтың санитарлық тазалығын күшейтті.
Негізгі жұмыстар:
аула мен жаяу жолдарды қоқыстан тазалау;
жапырақ жинау, бұта қырқу;
ойын алаңдарын жуу, қауіпсіздік тексерісі;
орындықтарды сырлау, ұсақ жөндеу;
гүлзарларды ретке келтіру.
Барлық қызметкерлерге белсенділігі үшін алғыс айтамыз. Тазалық шаралары жалғасады.