Тәуелсіздік күніне орай балабақшамыздың мектепалды даярлық топтары арасында «Тәуелсіз елдің бақытты баласы» тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – балалардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Жарыс барысында тәрбиеленушілер шапшаңдықтарын, ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Командалар жоғары белсенділік танытып, тартысты бәсекеде өзара сынға түсті.
Қорытынды нәтижесінде І орынға «Түймедақ» тобы ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады