Балабақшамыздың «Сарғалдақ» ересек тобының тәрбиеленушісі Рауанқызы Айзеренің әкесі, Нұра ауданының учаскелік инспекторы Нұрғалиев Рауан Берікұлы балаларға жол жүру ережелері бойынша танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – балаларды жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету, бағдаршам түстерін ажырата білуге және оның қызметін түсіндіру, жол белгілерімен таныстыру, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру (жаяу жүргіншілер жолы, тоқтау, тыңдау, айналаны бақылау).
Шара барысында балалар жол қозғалысы ережелері туралы маңызды мәлімет алып, өз білімдерін тәжірибе арқылы толықтырды.